0

Құрметті «Атамекен»

Құрметті «Атамекен» Одағы» ҰЭП потенциалды және қатынасушы мүшелері!

Жарғыны қолдайтын Қазақстанның әр кәсіпкері, әр кәсіпкерлік одақтары Атамекен мүшелері бола алады. Бұл еліміздің бизнес-элитаға қатысы бар көз қарасынан тек мәртебелі ғана емес, сонымен бірге жеке компаниялардың дамумен қоса, экономиканың жалпы саласына пайдалы.

Атамекен мүше болу себебінің үш негізгі факторлары:

— «Нормативті құқықтық актілер туралы» және «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңдарына сәйкес ешбір Заң, Үкімет Қаулысы, бизнес мүддесін қозғайтын қандай да бір Министрліктің не басқа нормативтік құқықтық акттің бұйрығы Атамекеннің сараптамалық қорытындысыз қабылданбайды.

— Қазақстанда өткізілетін кәсіпкерлікке қатысты барлық аса маңызды шаралар (отырыстар, конференциялар, жұмыс топтары) Атамекен өкілдерінің қатысуымен өтеді.

— Қазақстанның барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар (орталық және жергілікті) Атамекен шешімін қолдайды да, Атамекен үндемелерін қараусыз қалдырмайды.

Біздің Одаққа мүше болып кіру туралы ойыңыздан кейін сізде «Кімге хабарласам?» деген сұрақ туған шығар.

Мүшелермен жұмыс істеу менеджері Жүгербаева Әселге жолығыңыз. Оның байланыс нөмірлері: +7 7172 51 69 71, +7 705 100 29 46. Ол әрқашанда «Атамекенге» мүше болып кіру туралы барлық сұрақтарыңызға жауап береді. Сіз біздің менеджерге қажетті мәселелеріңізді жолдайсыз, ал ол өз кезегінде сізді керекті адамға бағыттап, сіздің сұрауыңыз бойынша үрдістің толық орындалуын бақылайды.

Одан әрі тіркелуге арналған мәлімдеу формасын толтырыңыз, ал біздің менеджер Палатаға мүше болып кіру рәсімдерді орындау үшін сізбен байланысады.

atamekenunion

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *