0

«Атамекен» Одағы ҚҰЭП-ға мүшелік жарналар

«Атамекен» Одағы ҚҰЭП-ға мүшелік жарналар туралы ережесі.
Осымен «Атамекен» Одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы келесіні хабарлайды.

Мүшелік жарна мөлшерін Қаулының 5.6 тармаққа сәйкес «Атамекен» Одағының Президиумы белгілейді.

«Атамекен» Одағының Президиум мүшелерінің 2012 жылдың 28 сәуірдің № 8 сырттай дауыс беру хаттаманың шешімімен келесі мүшелік жарнасы бекітілді:

1. Бір реттік ену жарнасы – 100 мың теңге мөлшерінде белгіленді (төлеуден босатылатын шаруа қожалығы мен жеке меншік кәсіпкерлерді қоспағанда)

Ескертпе: бір реттік жарна «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП құрамына кірген кезде бірақ рет төленеді. Бұл ереже қайта қабылданған ұйымдарға таралады (Жарғының жаңа редакцияда қабылдағанымен байланысты). «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП қазіргі мүшелері бір реттік жарнаны төлемейді.

2. Коммерциялық емес ұйымдарға арналған жыл сайынғы мүшелік жарна 100 мың теңгеден 1 млн. теңгені құрайды.

Ескертпе: мүшелік жарнаның мөлшері «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП Басқармасының тікелей келіссөздер жолымен Атамекен мүшелерінің нақты мүмкіндіктерін есепке ала отырып, жеке белгіленеді.

3. Коммерциялық ұйымдарға арналған жыл сайынғы мүшелік жарна 1 млн. теңгеден 5 млн. теңгені құрайды.

Ескертпе: мүшелік жарнаның мөлшері «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП Басқармасының тікелей келіссөздер жолымен Атамекен мүшелерінің нақты мүмкіндіктерін есепке ала отырып, жеке белгіленеді.

4. Шаруа қожалығы мен жеке меншік кәсіпкерлерге жыл сайынғы мүшелік жарна 100 мың теңгені құрайды.

Ескертпе: Шаруа қожалығы мен жеке кәсіпкерлер бір реттік ену жарнасын төлемейді. Сонымен бірге, ерекше жағдайда кейбір шағын кәсіпкерліктің субъектілері Жарғының 5.5 тарапына сәйкес «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП мүшелік құрамына Президиум шешімімен мүшелік жарнасыз да кіре алады.

5. Бұдан басқа Серіктестік институтын енгізуі ұсынылады. Бұл ұсыныс, егер оның мақұлданған жағдайда, «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП мүшелігіне кірмей, ұйымдар өз мүдделерін қорғау және тұрақты консультацияларды алу мүмкіншілігі болады.

«Атамекен» Одағы» ҚҰЭП мүшелігіне кіру үшін келесі құжаттар қажет:

— мүшелікке қабылдау туралы өтініш. Өтініш Басқарма Төрағасы Мырзахметов Абылай Исабекұлының атына ерікті түрде толтырылады;

— Арыз беруші туралы толық ақпарат (ұйымның атауы, басқарушының толық аты-жөні, салалық тиістілігі және өткізілетін тауар не кызметі туралы қысқаша ақпарат);

— Атамекен» Одағы» ҚҰЭП мүшелері құрамына ену ниеті және дауыс беру құқығын туралы «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП-ға мүшелікке үміткердің жоғары басқару органының хаттамалық шешімінің көшірмесі;

— заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі (құжаттар салыстыру үшін түпнұсқалар ұсынылмаған жағдайда нотариалды расталған нысанда ұсынылады);

— Құрылтай шартының (коммерциялық емес ұйымдар үшін) және «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП-ға мүшелікке үміткер Жарғысының көшірмесі (құжаттар салыстыру үшін түпнұсқалар ұсынылмаған жағдайда нотариалды расталған нысанда ұсынылады);

— салық төлеуші куәлігінің көшірмесі (құжаттар салыстыру үшін түпнұсқалар ұсынылмаған жағдайда нотариалды расталған нысанда ұсынылады);

«Атамекен» Одағы» ҚҰЭП мүшелігі туралы сұрақтарыңыз болса, келесі байланыс бойынша хабарласа аласыз: 010000, ҚР, Астана қ-сы, Сығанак к-сі, 29, БО «Euro Center» 2 қабат.

atamekenunion

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *